Жарияланған күні: 23.12.2016
“SAMRUK-KAZYNA TRUST” корпоративтік қоры және “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы әрбір тараптың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамын дамытуда ынтымақтастық мақсатында меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі тақырыптары бірауыздан анықталды:
- Қосарлы қаржыландыруды болдырмау үшін қызмет бағыттары мен іске асырылатын әлеуметтік жобаларды бірлесіп жоспарлау;
- Әлеуметтік жобаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және бағалау саласындағы ҮЕҰ әлеуетін арттыру;
- ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді тәсілі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту;
- Тараптардың әлеуметтік жобаларын ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ету;
- Әлеуметтік жобаларды қолдау үшін бірлескен әлеуметтік, ақпараттық, қайырымдылық іс-шаралар өткізу.