“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ 2016 жылы атқарылған жұмыс бойынша қоғам алдында есеп берді

Жарияланған күні: 28.12.2016


2016 жылдың 28 желтоқсанында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2016 жылғы жұмысын қорытындылады. БАҚ пен қоғам өкілдері алдында Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев есеп берді.
Ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан айларында Орталықтың гранттарына ие болған үкіметтік емес ұйымдардың күшімен 11 ірі әлеуметтік жоба іске асты. Жобалар қоғамымыздың ең маңызды мәселелерін қамтиды. Олардың ішінде коррупциямен күрес, медиация институттарының жұмысын күшейту, қоғамдық кеңес қызметін координациялау, гендерлік теңдік.
Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев өз сөзінде әлеуметтік нәтижесі жоғары бірнеше жобаны атап өтті: «Ұйымымыз аз уақыт ішінде біз нәтижелі жобаларды іске асырдық, олардың ішінде «Қазақстан жастарының конгресінің» «Менің Қазақстаным» жобасы. Жоба аясында балалар мен жастар құқығының бұзылуы мәселелерін зерттеу жұмысы жүргізілді, аталмыш салада нақты өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беретін объективті сараптама. Жобаны іске асыру асында балалар мен жасөспірімдердің сенім телефоны ашылды, 29000 қоңырау шалынып, балалар мен олардың ата-аналары психолог-мамандардың кеңесін алды. Грант келісімі аяқталғанына қарамастан сенім телефоны Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі Уәкіл З.Я. Балиеваның арқасында жұмысын жалғастырады.
Сонымен қатар, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының медиация институтын дамытуға арналған жобасын атап өткім келедім. Бүгінде еліміздің облыс орталықтары мен Алматы және Астана қалаларында 16 Медиация және құқық кабинеттері қызмет етуде. Заңгер-медиаторлар қоғамның әлеуметтік аз қамтылған топтарына заңгерлік көмек көрсетік, медиация процестерін жүргізуде. Қазіргі уақытқа дейін 440 адам мамандардың кеңесіне жүгініп, қарастырылған 67 өтініштің 37-сі екі жақтың бітімгершілігімен аяқталған.
«Transparency International» ұйымының ұлттық бөлімшесі «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қоры да грант иегері атанды. Жобаны іске асыру аясында коррупциямен күрес мәдениетін арттыру мақсатында видеороликтер түсірілген. Мемлекеттік және орыс тіліндегі видеороликтер «АБҚО» және «Радиоточка» АА сайтында жарияланады.»
Сөз соңында Нұрлан Өтешев коммерциялық емес ақционерлік қоғамның қаржыландыруына ие болған барлық серіктестерге алғыс айтып, келер жылға жаңа табыстар сыйлады.