Жарияланған күні: 23.04.2018
Биылғы жылдың 6 сәуірінде №52 «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының ағымдағы жағдайына және даму келешектеріне шолу жасау» тақырыбы бойынша мемлекеттік грантқа өтінім қабылдау аяқталған болатын.
Өтінім қабылданып біткен соң, Орталық мамандары өтінімдерді Ережеге сай болуын тексеріп, байқауға 4 үкіметтік емес ұйымнан түскен 4 өтінімді жіберді.
Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қайта жарияланған гранттық байқауының №52 «Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының ағымдағы жағдайына және даму келешектеріне шолу жасау» тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Бағалау қорытындысы бойынша 99 балл жинаған «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры 52 тақырып бойынша конкурстық комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылды.