Жарияланған күні: 14.03.2017
14 наурыз сағат 18.00-де Қонаев көшесі 12/4 мекен-жайында орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимаратында мемлекеттік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар конкурсыны сарапшылық комиссиясы отырысы қорытындысы бойынша брифинг ұйымдастырылады. Брифингте сарапшылық комиссия Төрағасы Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов пен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев сөз сөйледі. Спикерлер сарапшылық комиссия отырысы қорытындысы бойынша конкурс нәтижелерін жариялайды.
13-14 наурыз күндері конкурстың сарапшылық комиссиясы отырысы өтеді. Сарапшылар 11 бағыт бойынша 47 грант жеңімпаздарын анықтайды. Аталмыш гранттардың жалпы сомасы 612 млн. 508 мың теңге. Ағымдағы жылы конкурсқа қатысуға 229 мемлекеттік емес ұйымнан 386 өтініш қабылданған. Ал екінші айналымға 181 ұйымнан 317 өтініш қарастырылуға жіберілген. Ұйымдардың басым көпшілігі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мемлекеттік емес ұйымдар базасында тіркелмеуі себепті екінші айналымға жіберілмеген.
Сарапшылық комиссия отырысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен халықаралық мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерінің мүшелері бақылаушы болып тіркелген.
БАҚ аккредитациясы міндетті. Акредитация үшін 14 мамыр сағат 10.00-ге дейін seitakhmet@cisc.kzэлектронды жәшігіне немесе 87071748194 нөмірі бойынша журналистің БАҚ атауын, журналистің аты-жөнін, байланыс телефоны мен электронды жәшігінің мекен-жайын жіберу керек.