Брифинг: Гранттарға ие болған үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жобаларды іске асыруды бастайды

Жарияланған күні: 31.03.2017


31 наурыз сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) гранттық қаржыландыру саласындағы оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (ары қарай АБҚО) мемлекеттік гранттарға ие болған әлеуметтік жобалардың бастау алғаны туралы брифинг өткізеді. Брифингке АБҚО Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев, басқарма басшысы төрағасының орынбасары Дина Кененсаринова, сарапшылық комиссия мүшесі Аманжол Айтказин, грант иегерлері атанған «Право» қоғамдық қоры жетекшісі Ольга Рыль мен «Согласие народов» қоғамдық қорының жетекшісі Зиябек Кабульдинов қатысады.

31 наурыз күні АБҚО әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарға ие болған ҮЕҰ-мен келісімге қол қойды. Жобалар ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

Жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде АБҚО гранттық жобалардың сапалы орындалуына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, сарапшылық комиссия мүшелері мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан қоғамдық мониторинг жүргізуді ұсынды. Қазіргі таңда АБҚО қоғамдық мониторингті іске асыру механизмдерін құрастырумен айналысуда. Бұл механизмдер қоғамдық мониторингті сапалы іске асыруға мүмкіндік береді. Орталық БАҚ өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдарды аталмыш механизмдерді талқылауға шақырады.