«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік құрамының Директорлар Кеңесінің құрамы өзгертілді

Жарияланған күні: 26.04.2017


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік құрамының Директорлар Кеңесінің құрамы өзгертілді

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Төрағасы Әлия Ғалымованың бұйрығымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Директорлар Кеңесінің құрамы өзгертілді. Аталмыш бұйрыққа сәйкес Директорлар Кеңесінің мүшелерінің саны 9 адамға жетті, сондай-ақ, Орталық Кеңесінің мүшелерінің өкілеттілігі 3 жылды құрады. Орталықтың жалғыз акционері Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі шешімі бойынша Кеңес келесі адамдардан құралатын болады:

Ғалымова Әлия Қайратқызы – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

Есмақанова Анар Зекенқызы – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры

Ибраева Эльвира Балтабекқызы – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Заң департаментінің директоры

Раисова Лира Фазылқызы – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары

Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жүргізу басқармасының бас сарапшысы

Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

Мамашева Индира Бейсембекқызы – «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, тәуелсіз директор

Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор

Саясат Нұрбек – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, тәуелсіз директор.