Жарияланған күні: 31.05.2018
Бұл халқымыздың тарихындағы ең ауыр жылдардың құрбандарын еске алып, олардың атқарған еңбегін бағалап, ардақтауға, ісін одан әрі жалғастыруды міндеттейтін аза тұту күні. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Алаш қайраткерлерінің мұрасын бағалайды және «Алаш» Ұлттық қозғалысының 100 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында былтыр арнайы грант бөлді. «Халықтар келісімі» қоғамдық қоры ұтқан грант аясында бірнеше игі істер атқарылды. 20 ғасырдағы ұлт көсемі атанған Әлихан Бөкейхановтың 15 томдық шығармалар жинағы жарияланды. Пресс-конференциялар, ағартушылық қызмет, лекциялар ұйымдастырылды.
Орталық халықтың тарихи жады үшін маңызды күні елімізде қашанда бейбітшілік пен тыныштық болуын тілейді!