Жарияланған күні: 27.04.2017
Қазақстандағы демократиялық үдерістер дами бастаған кезден бері азаматтық қоғамның, атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі де күшейе түсті. Бүгін үкіметтік емес ұйымдар халықтың өмір сапасын жақсартуға қомақты үлес қосып отырғаны туралы көп айтылады: әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда, жүйелік өзгерістер бастамалары көтерілуде, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына қызмет көрсетіліп, қала кеңістігі өзгерістерге ұшырауда. Дегенмен, осы күнге дейін коммерциялық емес ұйымдар елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына және жекелей аймақтардың дамуына қосып отырған үлесі туралы есеп жүйесі жоқ.
«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қолдауымен және ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «ЭСДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде коммерциялық емес ұйымдар үлесін есептеу бойынша әдістемені шығару» жобасын бастайды. Бұл жоба Экономикалық серіктестік және даму ұйымы елдерінің халықаралық тәжірибесін есепке ала отырып, коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін есептеу әдістемесін жасап шығару және апробациялауға бағытталған.
Жоба аясында ауқымды зерттеу компоненті қарастырылған, оның барысында 1400-ден астам тұрғындардың түрлі категорияларын, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар және Қазақстанның барлық аймақтарында тұратын барша мүдделі тұлғаларды қатыстыру жоспарланып отыр. Жобаға қатысушылардың пікірін зерттеу барысында ЗУБР-дың мамандары тұрғындар арасында сауалнама пікірлерімін, Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдар өкілдерімен сұхбат, сарапшылар және мүдделі тараптардың қатысуымен кездесулер өткізеді.
Сараптама тобы құрылып (кемінде 20 адам), оның құрамына жобаға бастан-аяқ қатысатын халықаралық деңгейдегі мамандар тартылады.
Аталмыш жобаның ерекшелігі сол, соңынан коммерциялық емес ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін есептеуге арналған өміршең әдістеме жасап шығарылады. Бұл әдістеме пилоттық апробация үдерісіне негізделіп, мемлекеттік басқару жүйесінде тұрақты түрде пайдалануға енгізудің нақты алгоритміне ие болады. Мұның өзі жүйеге өзгерістер енгізу үдерісін жылдамдатып, оны максималды қолданбалы етуге мүмкіндік береді.
Жоба жеті айға есептелген және 2017 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жүзеге асырылады. Жобаның өн-бойында КЕҰ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесінің әдістемесінің жасау барысы БАҚ, әлеуметтік желілер және Интернет-ресурстарда жарияланып отырады (#ЗУБР_АБҚО_үлесі_КЕҰ хэштегі).
Барша сұрақтарыңыз бойынша» ЗУБР» ӘКҚ хабарласа аласыздар. Телефондары: 8 7232 51-33-88, +7 705 620 75 86 (Евгения Шрейбер, жоба үйлестірушісі) немесе zubr-kz@mail.ru электрондық мекенжайына хат жолдаңыздар
Жоба жаңалықтарынан құр қалмаңыз!