Жарияланған күні: 27.04.2017
“Жастар үні” жастар қоғамдық бірлестігі балаларды кәсіпкерлікке баулиды
Қазақстанның болашағы оның жастарының өмірімен тығыз ұштасып жатқан механизм іспеттес. Әл-Фараби бабамыздың «Елінің болашағын білгін келсе, маған оның жастарын көрсет» деген қанатты сөзі бар. Осыған орай өзінің қызметін 2002 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Жастар Үні» ЖҚБ өзінің мақсаты ретінде жастардың елдiң қоғамдық өміріне белсендi катысуына қол жеткiзу және олардың әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық және мәдени проблемаларын шешyге нақты ic қимыл арқылы ықпал етуді анықтап алды.
«Жастар Үні» ЖҚБ осы күнге дейін түрлі бағыттағы 300-ден астам іс-шараларды ұйымдастырып келді. Өткен жылдың өзінде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша шілде-тамыз айлары аралығында 2 әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Бірлестік Алматы қаласы жастарын жұмыспен қамту мақсатында екі ірі «Мүмкіндіктер жәрмеркесін» өткізіп, өз саласында жетістікке жеткен азаматтардың қатысуымен арнайы тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды. Сонымен қатар қалаға қоныс аударған ауыл жастарына арналған «Бағдаршам» бейімдеу орталығы ашылды. Мұнда да 1000-ға жуық адамды қамтыған түрлі тақырыптардағы семинар, тренинг, тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Ағылшын, компьютерлік сауаттылық, тігін, шешендік өнер, құқықтық білім курстары ашылып, аптасына 2 рет сабақтар өткізіліп тұрды. Орталық әлі де жұмысын жалғастыруда. «Жастар Үні» ЖҚБ 2012 жылдан бері айына 1 рет жастарға арналған қоғамдық-танымдық «Жастар үні» журналын және айына 4 рет қоғамдық-ақпараттық «Болашақ жасар» республикалық газетін басып шығарады.
ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінде ресми БАҚ көзі ретінде тіркелген бірлестіктің www.arhar.kzсайты 2014 жылдан бері ақпарат, саясат, әлеумет, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік секілді қоғамның барлық саласын қамтып, талдамалық, тарихи және өзге де сипаттағы мақалалар мен сүбелі сұхбаттарды жариялап келеді. 2011 жылдан бері «Жастар Үні» ЖҚБ еліміздің ауылды аймақтарында «Ауыл шақырады!» акциясын ұйымдастырып келеді. 2016 жылы Алматы қ. қарасты 40 базардың қарапайым жұмысшыларының басын қосып, жастар арасында төрт айды қамтыған мини-футболдан «Дүйсенбілік футбол-2016» турнирі өткізілді.
«Азаматтық бастамалдарды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткен конкурстың нәтижесі бойынша «Жастар Үні» ЖҚБ «Балалар және кәсіпкерлік» жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанды. Жобаның мақсаты балалар мен жастар арасында еңбек ету және кәсіпкерлікпен айналысудың жолдары мен маңыздылығын түсіндіру, насихаттау және осы жолда туындайтын құқықтық, әлеуметтік, мәдени проблемалардың шешу жолдарын табуға ықпалдасу. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар келесідей:
– бала еңбегі, бала еңбегімен байланысты істі дамыту және оның жай-күйі жағдайы саласында республика деңгейінде әлеуметтанулық зерттеу жүргізіледі;
– балаларға арналған өнімдеріне мониторинг жасау, балаларға арналған өнім шығаратын ұйымдарды қолдау үшін ұсыныстар, стандарттау механизмін әзірлеу мақсатында республика деңгейіде екінші әлеуметтанулық зерттеу жүргізіледі;
– балалар мен жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша семинар-тренингтардан құралған курс өткізіледі;
– балалар мен жастар арасында еңбек пен кәсіпкерлік дағдыны қалыптасыруға қажетті ақпаратты қамтитын қоғамдық-ақпараттық журнал шығарылады;
– балалар мен жастардың еңбек етуі мен кәсіпкерлікті бастауды насихаттайтын бейнеролик түсіріледі;
– бала еңбегі, балалар мен жастар арасында кәсіпкерлік дағдыны қалыптастыру мақсатында еліміздің 7 облысы, 9 ауданы мен 35-тен астам ауылдарына сапар ұйымдастырылып, барысында заман талабына сай мамандықтар, жастық шақты тиімді пайдалану, қоғамдық жұмыстармен айналысу, рухани және ұлттық тәрбие алу, балалар еңбегі, балалар мен жастар арасында кәсіпкерлік дағдыны қалыптастыруға бағытталған дәрістер оқылып, тренингтер өткізіледі.
Жобаның сомасы: 10 000 000 тг.
Жобаның нәтижесінде балалар мен жастар арасында еңбек етудің, кәсіпкерлікпен айналысудың қажеттілігі мен маңыздылығы насихатталып, олардың жай-күйі туралы нақты мәліметтер алынып, құзіртті мекемелер үшін осы салаға қатысты ұсыныстар жасалады деп күтілуде.
«Жастар Үні» ЖҚБ кәсіпкерлік жайында білімді қалыптастыру мен оны бастаудың жолдарымен, қыр-сырымен таныстыру ешқашан ерте болмайды деп есептейді. Осыған орай біз мектеп жасындағы балалардан бастап жастардың барлығын қамтитын үлкен жұмыстар атқаруға дайын екендігімізді іспен дәлелдеп, еліміздің жарқын болашағына өз үлесімізді қоспақпыз. Сондықтан еліміздің жастары, құзырлы мекемелері, өзге де ҮЕҰ, қоғам бізге қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқа бірге қол жеткізуге бірге атсалысайық!
Айгерим Абдрашитова
“Жастар Үні” ЖҚБ
жоба координаторы
8 778 629 86 18
bolashakzhasar@mail.ru