«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың үшінші конкурс жариялайды

Жарияланған күні: 10.05.2017


«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ ҮШІНШІ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1. Гранттық қаржыландыру саласындағы бірыңғай оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Оператор).

2. Конкурс туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Оператор, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар береді.
Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған ҮЕҰ-ды қоспағанда, ол туралы деректер ҮЕҰ туралы мәліметтер базасында сақталынған, грант беруге өтініш беруші ҮЕҰ қатыса алады.
ҮЕҰ мен бейіндік мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген 2017 жылға арналған ҮЕҰ-ға гранттар берудің қосымша жоспары (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің міндетін атқарушының 2017 жылдың «3» мамырындағы №60 бұйрығы мен бұйрыққа бекітілген қосымшада «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2017 жылға арналған гранттар берудің қосымша жоспары) аясында төмендегідей тақырыптар көзделген (тақырыптар төмендегі қосымшада).

Аталмыш бұйрықтың көшірмесі мен қосымшасы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтында жарияланған http://www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy/ сілтеме бойынша таныса аласыз.

Жобаларды іске асыру мерзімі келесідей:

  • Жобаларды іске асыруға 21 шілде мен 21 қараша аралығында 4 ай беріледі.

3. Грант алу үшін қажет құжаттар тізімі

Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға өтінім қазақ немесе орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада (USB флеш жетегі немесе CD дискіде) беріледі, сонымен қатар берілген электронды нұсқа қайтарылмай, өтінімнің электронды нұсқасы ретінде сақталады.

Электронды нұсқадағы өтінім ұйым басшының қолы және мөрі бар, MsWord үлгісі және сканерлерген PDF үлгілерінде grants@cisc.kz электронды жәшігіне жіберілуі тиіс. Электронды нұсқаны «Ұйым аты мен грант тақырыбы» форматында атаумен жіберуіңізді сұраймыз. Өтінімдер нөмірленген және тігілген, бірыңғай папкада жинақтаған түрде қабылданады.

Бір ҮЕҰ бірнеше өтінімдер жолдаған жағдайда, әрбір өтінімді бөлек хатпен электронды поштаға, электронды нұсқаны және тігілген папканы көрсетілген мерзімде жолдауларыңызды сұраймыз. Өтінімдердің электронды нұсқаларын (USB флеш жетегі және CD-дискіні) өтінімдердің қағаз нұсқаларына қосып, көрсетілген мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз.

Конкурсқа қатысушы үшін өтінімге мынадай келесі құжаттар кіреді:

  1. грант алу үшін өтініш (1 қосымша) (Назар аударыңыз: Өтінімдердің жарамдылық мерзімі ұйым төрағасы қол қойған күннен бастап 2017 жылғы 21 шілдеге дейінгі ықтималды грант иегерлерімен гранттық келесімшартты жасасу мерзімінің соңына дейінгі аралықты күнтізбелік күнмен есептелінеді);
  2. өтініш берушінің сауалнамасы (2 қосымша);
  3. әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның төлқұжаты (3 қосымша);
  4. әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының жобасы (4 қосымша) (1 Форма және 2 Форма);
  5. әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың шығындар сметасы, онда әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынның болжамды сомасын көрсету керек (әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның сомасына қатысты белгіленген пайыз шеңберінде – 10%-дан артық емес). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп отырғанымыз грантты іске асырумен тікелей қатысы жоқ және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу (5 қосымша);
  6. заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны тағайындау/сайлау туралы құжат көшірмесі (НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құжат көшірмесін түрлі-түсті немесе қара-ала көшірмесіне жекелей ұйымның түпнұсқалық мөрін басу қажет және ұйым төрағасының қолын қою қажет);
  7. операторға құжаттарды беру, грант беру туралы келісім-шартқа және осындай тапсырмалармен байланысты басқа да құжаттарға қол қою үшін тұлғаға құқық беретін құжат;
  8. мадақтама қағаздардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  9. өтінім толтырылған күн, қолы.

Өтініш беруші ұсынылған құжаттарды бірыңғай папкаға жинақтап, көрсетілген құжаттарға сәйкес беттерді нөмірлейді.

Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толық болуы мен онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді.

4. Өтінімдерді жолдайтын пошталық мекен-жай және электронды поштаның мекен-жайы. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімнің қағаз нұсқасы Астана қ., Тұран көшесі, 19/1 үй, 6-шы қабат мекен – жайына, ал электронды нұсқасы grants@cisc.kz электронды поштасына жолданады. Өтінім беруші конкурсқа қатысушы құжаттарды grants@cisc.kz электронды поштасына жолдағаннан кейін, жүйемен хатты алғандығы туралы автоматты түрде растау жауабы жолданады.

Қағаз нұсқадағы, электронды нұсқалары қосылған өтінімдер және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына 2017 жылдың 30 мамырының Астана уақыты бойынша 18.00 сағатына дейін жеткізілуі тиіс. Аталмыш мерзімнен кеш түскен өтініштер конкурста қарастырылмайды. Осыған орай, сіздерді пошта қызметкерлері мен курьерлерден корреспонденцияның жеткізілу уақытын анықтауды сұраймыз.

Конкурсқа құжаттарды (өтінімді) қабылдау мерзімі – 2017 жылғы 10 мамырдан бастап 30 мамырға дейін (қоса есептегенде).

Орталық қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма күндері. Астана уақыты бойынша сағат 9-00 ден 18-00 аралығында (түскі үзіліс уақыты сағат 13-00 ден 14-30).

Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 30 мамыр күні, сағат 18-00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

5. Ақпараттық жиналысты өткізу мерзімі

Конкурсқа қатысуға құжаттар тапсыру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жауап беру үшін жиналыс 2017 жылғы 19 мамыр күні сағат 11-00-де (Астана уақыты бойынша) «Нұр Отан» партиясының Орталық Аппаратында, Астана қ., Қонаев к., 12/1, 4 қабат мекен-жайы бойынша өтеді.

Өңірлердегі ҮЕҰ өкілдері үшін «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының кеңселерінде интернет арқылы бейнеконференция ұйымдастырылады (байланыс телефондары №6 қосымшада қоса берілген).

Ғимаратқа тізім арқылы кіргізілетіндіктен, барлық мекемелерден 17 мамыр сағат 16.00-ге дейін ұйым атынан қатысатын адамдардың тізімін, онда ҮЕҰ атауын, орналасқан қаласы, жиналысқа қатысатын адамның аты-жөнін және телефонын көрсетіп, Орталықтың kerimkul@cisc.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.

6. Өтінімдерді бағалау өлшемдері

Сарапшылық комиссия өтінімді төмендегі өлшемдер бойынша 1-ден 10-ға дейін ұпай беру арқылы бағалайды:

1) ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның қойған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы:

– ұсынылып отырған әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама нәтижесінің нақты баяндалуы;

– ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның күтілетін нәтижесі мақсаттарға қол жеткізуге қалайша апаратынын нақты баяндау;

– жобаның орындалуын және нәтижеге қол жеткізуін мониторингілеу және ішкі бақылау жоспары.

2) ұсынылып отырған жобаның тиімділігі:

– болашақта, алған грантты іске асыру аяқталған соң үкіметтік емес ұйымдар үшін жобаны іске асыруды жалғастыру мүмкіндігі;

– жобалық ұсыныста сипатталған қызметтің әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама сомасына сәйкестігі;

– жобалық ұсыныс сомасында көрсетілген болжамды шығындардың әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама іске асырылатын елді мекендегі нарықтық бағадан артық болмауы.

3) тұрғындарды қамтуы;

4) әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның негізгі адрестік топтарының тартылуы, қатысуы;

5) әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін қажет болжамды қаражат көлемі;

6) мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

7) жоспарланған іс-шаралардың Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында анықталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсері;

8) әлеуметтік жобалардың/әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалайтын индикаторлардың болуы;

9) ұсынылып отырған әлеуметтік жобаларды/әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру әдістерінің жаңашылдығы мен бәсекеге қабілеттілігі;

10) әлеуметтік жобаларды/әлеуметтік бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігін бағалау.

7. ҮЕҰ-ға грант беру конкурсын қорытындылау мерзімі

ҮЕҰ-ға арналған гранттарды беру конкурсының қорытындысы 2017 жылдың 10 шілдеге дейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында www.cisc.kz жарияланады.

8. Мекен-жайы және байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат пен сұрақтарға жауап алу үшін Гранттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мониторинг департаментінің менеджерлері Мадина Каримова 87783648416, karimova@cisc.kz , Мунира Абулова – 87051885725, abulova@cisc.kz, Жанар Керімқұл 87071032240 kerimkul@cisc.kz немесе grants@cisc.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

Құжаттар