«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттар конкурсының ережелерімен таныстырады

Жарияланған күні: 17.05.2017


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттар конкурсының ережелерімен таныстырады

2017 жылдың 19 мамыр күні сағат 11.00-де Қонаев көшесі 12/1 (406 аудитория) бойынша орналасқан «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар конкурсының ережесімен таныстырады.

Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» (ары қарай – Орталық) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған гранттар конкурсын жариялады.

Қосымша жоспар бойынша жалпы сомасы 121 970 мың теңгені құрайтын 19 грантты іске асыру көзделуде. Аталмыш гранттар 2017 жылдың аяғына дейін есептелген.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған. Олар ҮЕҰ-дың шешім шығаруды ауқымын кеңейту, қоғамдық келісімді нығайту, мемлекеттік жастар саясатын қолдау, жетім балаларға көмек сынды бағыттардан құралған.

Ақпараттық жиналыс аясында Орталық қызметкерлері конкурстық құжаттамаларды тапсыру ережелерімен таныстырып, гранттық қаржыландыру бойынша барлық сұрақтарға жауап береді.

Жиналысқа республикалық үкіметтік емес ұйымдарды, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өкілдері қатысады.

Журналистердің акредитациясы үшін seitakhmet@cisc.kz электронды жәшігіне немесе 87071748194 телефон нөмірі бойынша 18 мамыр сағат 11.00-ге дейін жүргізіледі.

Байланыс үшін:

8(707) 174-81-94

seitakhmet@cisc.kz

cisc.kz