Сарапшылық комиссиясының мүшелері жасақталды

Жарияланған күні: 17.05.2017


Мәдениет және спорт министрлігі 2015 жылғы 25 желтоқсаннан №413 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік емес ұйымдарға гранттарды үлестіру және оларды іске асыру мониторингін жүргізу ережелеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдардың өтініштеріне тәуелсіз сараптама жүргізу мақсатында сарапшылық комиссия құрамы жасақталды.

Сарапшылық комиссия мүшелері мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» КЕАҚ мүшелерінен құралады. Комиссияның жалпы санынан 30%-ын оператор ұсынады, ал 70% – мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстары бойынша іріктеледі.

Бағалау қорытындысы бойынша 10-адамнан құралған сарапшылық комиссия құрамына келесідей адамдар енді:

  1. Сарапшылық комиссия Төрағасы – Сейдуманов С.Т., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты.
  2. Сарапшылық комиссия Төрағасы орынбасары – Ерман М.Т., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты.
  3. Сарапшылық комиссия мүшесі – Ким Е. Т. Қазақстанның қызыл жартыай қоғамы
  4. Сарапшылық комиссия мүшесі – Айтказин А.Т., «Консалтинг және зерттеу орталығы» ҚҚ
  5. Сарапшылық комиссия мүшесі – Богатырев С. А. «Қостанай облысының медиаторлар ассоциациясы» ҚҚ
  6. Сарапшылық комиссия мүшесі – Мукашова Ж. Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының бағдарламалар менеджері
  7. Сарапшылық комиссия мүшесі – Қанат Әуесбай, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультеті теле-радио журналистикасы және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті
  8. Сарапшылық комиссия мүшесі – Бисенбаев А. К. «Комсомольская правда Казахстан» газетінің бас редакторы
  9. Сарапшылық комиссия мүшесі – Ерболат Мұхамеджан, Atameken Business Channel бағдарламалар жүргізушісі
  10. Сарапшылық комиссия хатшысы (дауыс беру құқығы жоқ) – Абулова М.С., «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ