Жарияланған күні: 29.05.2017
«ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуға (ӘЭД) қосатын үлесіне есеп жүргізу жөніндегі әдіснама әзірлеу» жобасын жүзеге асыру жалғасуда (ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қолдауымен «ЗУБР» ӘКҚ тарапынан).
Жоба сарапшылар қоғамдастығында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшіліктің пікірінше, бұл тақырып көкейкесті, маңызды болып табылады және белгілі бір ұйымды ғана емес, Қазақстанның бүкіл КЕҰ секторын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің жобасына қызығушылық танытқан ұйымдар арасында Жоғары экономика мектебі (Ресей), Армениядағы француз университеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстанның ірі тәжірибелі үкіметтік емес ұйымдарының көшбасшылары, халықаралық ұйымдар, түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, ғалымдар бар – қазір олардың саны 30 адамнан асты, кейбір сарапшылармен келіссөздер әлі де жүргізілуде және жобаның сарапшылар ұжымы біртіндеп кеңейе түсуде.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосатын үлесін бағалау көрсеткіштерінің пилоттық тізімін құру жөніндегі жоба ұжымы мен сараптау тобының біріккен жұмысы қыза түсуде. Бұл күрделі жұмыс көп еңбекті қажет етеді, міндеттер көп: түсініктік аппаратты бірыңғай түсінікке келтіру, КЕҰ үлесін бағалау деңгейлерін анықтау, көрсеткіштер иерархиясын құру, бағалауға арналған ақпараттың қайдан келетінін анықтау, ӘЭД деңгейін бағалау көрсеткіштерін ортақ жүйеге келтіру үшін қандай да бір көрсеткіштің әлеуетін, ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесін бағдарлау. Барлығының пікірлері мен көзқарастары әртүрлі, бұл ерекше құндылыққа ие және жан-жақты талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Жобаның түпкі мақсаты: ең үздік сарапшылардың мүмкіндіктерін біріктіру және ортақ құжат – КЕҰ-лардың ӘЭД-ға қосатын үлесін бағалау үшін өмірге қабілетті әдістеме әзірлеу.
Сараптау жұмысымен қатар жоба ұжымы алдағы ауқымды пікірлер зерттеуіне арналған бағдарлама зерттемесін аяқтайды, оған жұртшылық өкілдерімен (Қазақстанның барлық аймағынан 1400 адам) қатар ҮЕҰ (түрлі салаларда қызмет атқаратын және түрлі жұртшылық топтарымен жұмыс жасайтын 50 ұйым) өкілдері, сарапшылар (әлеуметтік-экономикалық блок, статистика органдары, салық органдарының республикалық және аймақтық ведомстволары және жобаның сарапшылар тобының қатарынан 40 адам) қатысады.
Барлық сұрақтар бойынша «ЗУБР» ӘКҚ кеңсесіне хабарласуыңызға болады: 8 7232 51-33-88, +7 705 620 75 86 (Евгения Шрейбер, жоба үйлестірушісі)
немесе электронды пошта zubr-kz@mail.ru.