Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы

Жарияланған күні: 15.06.2017


2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Еуразия құқық қорғау орталығы» ЖҚ «Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы» семинарын ұйымдастырды.

«Адам құқықтары және заңдылықты қадағалау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» кеңесінің төрағасы Е.А.Жовтис, з.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ж.Д.Бусурманов, «Ұлттық және халықаралық даму бастамаларының институты» ҚҚ президенті С.Б.Ушакова, з.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ш.В.Тлепина, з.ғ.д., профессор, «Еуразия құқық қорғау орталығы» ҚҚ президенті Е.Н.Нұрғалиева семинарда сөз сөйледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, заң шығару қызметіне қатысу мәселелері, үкіметтік емес ұйымдардың лоббистік қызметінің проблемалары семинардың талқылау тақырыптарына айналды.

Азаматтық қоғам дамуының әлемдік тәжірибесін, атап айтсақ, азаматтар мен билік органдары арасында қол жетімді және тұрақты байланыс желісін құру қажеттілігін ескере отырып, «азаматтық лоббизмнің» практикалық проблемалары, «Үкіметтік емес ұйымдардың лоббистік қызметі туралы» заңды әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдау мүмкіндігі талқыланды.

Адам құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның дамуы мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері семинарға қатысушылар қатарында болды.

Шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.