Жарияланған күні: 16.06.2017
«Әйел сәулесі» қоғамдық бірлестігі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Еңбекпен қамту қызметін ұйымдастыру» тақырыбында «Болашаққа қадам» жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында «Болашаққа қадам» республикалық бизнес жобалар конкурсы ұйымдастырылды, бұл ең үздік 7 бизнес идея иегерлеріне қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде ауылды жерлердегі 350 тұрғын үшін Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында кәсіпкерлік негіздері және конкурсқа өтініш жазу бойынша аймақтық семинарлар мен вебинарлар өткізілді. Конкурсқа қатысуға 140 өтініш түсті. Хаттарды ашу және жобаларды сипаттау дүйсенбі, 12 маусымда «Атамекен» ҰКП, «АБҚО» КЕАҚ сарапшылар тобы, бизнес өкілдері, ұйымдастырушылар және консалтинг қызметін көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өтті. Сараптау комиссиясы шілде айының басында өтетін конкурс финалына үздік 30 жобаны іріктейді, мұнда финалисттер өздерінің бизнес идеяларының маңыздылығын және оларды қолдау қажеттілігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар «Әйел сәулесі» ҚБ 15 маусымнан кейін https://www.facebook.com/oksana.volkovamixalskya?fref=ts фейсбук платформасында халықтың дауыс беруін бастауды жоспарлап отыр, мұнда ең үздік жоба үшін дауыс беруге болады. Ең көп дауыс жинаған жоба өз бизнесіне қолдауға ие болады.