Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы   мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы   мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 

Осымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 04 мамырда жарияланған “Маңғыстау облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы” ММ 2023 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 4 өтінім 4 ҮЕҰ.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 26 мамырда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды

А.ж. 02 маусымда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және Маңғыстау облысының мәдениет, ахивтер және құжаттама басқармасының 2023 жылғы «26» сәуірдегі № 46-НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1

 

Мәдениет пен өнерді дамыту Жыр жанры бағытындағы жас таланттарға қолдау Қысқа мерзімді «Бақ-Жұлдыз» қоғамдық бірлестігі
2 Маңғыстау жыр, дастандары мен аңыздары кейіпкерлерінен анимациялық мультфильм әзірлеу “Қазақстан Даму Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі
3 “Бала жолы” Қоғамдық қоры
4 «Parasat Pro» қоғамдық қоры

 

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

 

Мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Мәдениет пен өнерді дамыту Жыр жанры бағытындағы жас таланттарға қолдау Қысқа  мерзімді  «JasART» жеке мекемесі
2 Маңғыстау жыр, дастандары мен аңыздары кейіпкерлерінен анимациялық мультфильм әзірлеу «Жыр – жебе » ақындар мектебі қоғамдық қоры

 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ