Жарияланған күні: 18.05.2023
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары болып Арман Ашкин тағайындалды.
Ол 2011 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кореяның жоғары ғылым және технологиялар институтын (KAIST) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ шетелдік сарапшылармен жұмыс жөніндегі маман ретінде бастаған болатын.
Бірнеше жыл «Ғылым қоры» АҚ жобалау дирекциясының басшысы болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Арман Ашкин ««QAZINNOVATIONS инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ талдау және болжау орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында ол гранттық жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін болады.