Жарияланған күні: 19.04.2023
«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұжымы ерекше баланы тәрбиелеп жатқан отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
4 жасар Інжу мен церебральді сал ауруына және кереңдігі бар 2 жасар Әзімханның анасы Айсәуле Дүйсенге азық-түлік себеті меншағын сыйлықтар табыс етілді.
«Қасиетті Рамазан айында игі істер жасау – міндет. Наурыз мерекесі аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бастамасымен қайырымдылық акциясына қатысып отырмыз. Біздің кішкентай сыйлығымызды қабыл алаңыз. Мұнда әлеуметтік маңызы бар өнімдер, бүлдіршіндердің маусымдық киімдері бар», – деп атап өтті АБҚО Басқарма төрайымы Әлия Оспанова.
Өз кезегінде Айсәуле Дүйсен отбасы атынан Орталықтың ұжымына, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне көрсеткен көмегі үшін өз алғысын білдірді.