Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 08 ақпан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 11 ҮЕҰ-дан 15 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім, орыс тілінде 11 ҮЕҰ-дан 7 өтінім. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 13 наурыз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  • өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  • Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  • егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  • егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  • егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  • егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  • егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер Қағидалардың 40-тармағына сәйкес сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалау және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

 

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

 

Мемлекеттік грант саласы Басым бағыт Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

 

Маңғыстау облысы бойынша медициналық қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Институт общественного здравоохранения» ЖММ
2 қысқа мерзімді «GUMOL» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МЕКЕМЕСІ
3 қысқа мерзімді «PRO DIALOG» ҚБ
4 Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

 

Жастар мен жасөспірімдер арасында АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу қысқа мерзімді «Институт общественного здравоохранения» ЖММ
5 қысқа мерзімді «АСЕР» ҚБ
6 қысқа мерзімді «Көмек командасы» ҚҚ
7 қысқа мерзімді «Бала жолы» ҚҚ
8 Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу қысқа мерзімді «Институт общественного здравоохранения» ЖММ
9 қысқа мерзімді «PRO DIALOG» ҚБ
10 қысқа мерзімді «Сергали-Туркестан» РҚБ
11 қысқа мерзімді «Көмек командасы» ҚҚ
12 қысқа мерзімді ОФ «Саламатты Ел»

 

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсы қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

 

Мемлекеттік грант саласы Басым бағыт Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

 

Маңғыстау облысы бойынша медициналық қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ
2 Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу қысқа мерзімді «ӨркенӨнеге» ҚБ
3 қысқа мерзімді «Байшешек» Қоры