ҮЕҰ-ға арналған ұзақмерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстардың қорытындылары белгілі болды

Жарияланған күні: 07.04.2023


2025 жылға дейін іске асырылатын бес ұзақ мерзімді мемлекеттік гранттың иегерлері анықталды.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы биыл ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстарды гранттық қаржыландырудың жаңа механизмі аясында өткізген болатын. Мәселен, алғаш рет градуирленген гранттар жүйесі енгізілді. Қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, есептілікке қойылатын талаптарға байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар ұсынылды..
«Биыл ҮЕҰ-ға 8 ұзақ мерзімді грант бөлінді. Тәуелсіз сарапшылар комиссиясы 5 гранттың иегерлерін анықтады. Олар жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауға, жастардың психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін, мемлекеттік тілдегі заманауи зияткерлік командалық ойындарды дамытуға, сондай-ақ жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Ұзақ мерзімді гранттық жобалар 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады», – деп атап өтті Орталықта.
Конкурстың қорытындыларымен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://cisc.kz/kk/56525-56525.html.
Тағы үш ұзақ мерзімді мемлекеттік грантты ұсыну жөніндегі конкурстар өтпеді деп танылғандықтан, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурстарды қайта жариялауды жоспарлап отыр.
Еске салайық, 2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ-ға арналған 46 мемлекеттік грантты бөлді.