Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.
Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 25 қаңтарда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 17 ҮЕҰ-дан 19 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 13 ҮЕҰ-дан 13 өтінім, орыс тілінде – 4 ҮЕҰ-дан 6 өтінім.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
А.ж. 21 ақпанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
- өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
- өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
- Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
- егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
- егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
- егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
- егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
- егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
- егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
- егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
- егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.
Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер Қағидалардың 40-тармағына сәйкес сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалау және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:
1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Мемлекеттік грант саласы | Басым бағыт | Іске асыру мерзімі | Ұйымның атауы |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Өңір жастарының бойында көшбасшылық қабілетті дамыту
Және жас көшбасшылардың әлеуеттін арттыру |
қысқа мерзімді | «Асер» ҚБ |
2 | қысқа мерзімді | «Атамекен 2030» ҚБ | ||
3 | қысқа мерзімді | «Казахстанская Ассоциация Даму» ЗТБ | ||
4 | қысқа мерзімді | «Түпқараған жастары» ЖҚБ | ||
5 | Жастардың қаржылық және құқықтық, діни сауаттылығын арттыру, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау | қысқа мерзімді | «Көмек командасы» ҚҚ | |
6 | қысқа мерзімді | «Қолдау орталығы» ЖМ | ||
7 | қысқа мерзімді | «Бейнеу Жарқын Болашақ» ҚҚ | ||
8 | қысқа мерзімді | «Казахстанская Ассоциация Даму» ЗТБ | ||
9 | Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. | қысқа мерзімді | «JasART» ЖМ | |
10 | Жүйелі және кешенді зияткерлік ойындар арқылы заманауи ойын формалары мен әдістерін қолдана отырып, жастардың зияткерлік дамуын ілгерілету. | қысқа мерзімді | «Асер» ҚБ | |
11 | қысқа мерзімді | «Үміт сәулесі Жаңаөзен» ҚҚ | ||
12 | қысқа мерзімді | «Риза ана» ҚҚ | ||
13 | Студенттердің жан-жақты және қоғамдық пайдалы өмірін, студент жастарды мәдени, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру, студенттердің әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу. | қысқа мерзімді | «Альянс студентов «Актау» КҚ | |
14 | Музыкалық және хореографиялық өнер саласында жастарды анықтау, қолдау және дамыту. | қысқа мерзімді | «Бала жолы» ҚҚ | |
15 | қысқа мерзімді | «AktownX» ҚҚ | ||
16 | Жастар арасындағы әзіл-ысқақ ойындарын ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдің аясын кеңейту | қысқа мерзімді | «Шаңырақ» ҚҚ | |
17 | қысқа мерзімді | «Команда Боранқүл» ҚҚ |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсы қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Мемлекеттік грант саласы | Басым бағыт | Іске асыру мерзімі | Ұйымның атауы |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Өңір жастарының бойында көшбасшылық қабілетті дамыту
Және жас көшбасшылардың әлеуеттін арттыру |
қысқа мерзімді | «ЕВДОЛТЕ» ҚҚ |
2 | Жастардың қаржылық және құқықтық, діни сауаттылығын арттыру, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау | қысқа мерзімді | «Байшешек» қоры |