Ұзақ мерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды

Жарияланған күні: 01.03.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ-дан ұзқ мерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінімдерді қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.

ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысуға ҮЕҰ-дан 70 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді 62 ҮЕҰ жолдады. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде 18 ҮЕҰ-дан 20 өтінім, орыс тілінде 44 ҮЕҰ-дан 50 өтінім келіп түсті.

«Биылдан бастап күшіне енген гранттық қаржыландыру туралы жаңа ережелерге сәйкес, 1 және 3 жыл аралығын қамтитын грантты алғысы келетін ұйымдар екі кезеңнен тұратын конкурстан өтуі тиіс. Жалпы ұпай санының 50% жинаған үкіметтік емес ұйымдар конкурстың екінші кезеңіне өтеді»,–деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрман.

Тәуелсіз конкурстық комиссияның қарауына 18 ҮЕҰ-дан түскен 21 өтінім жолданды.