ҚР АҚДМ тапсырысы бойынша ҮЕҰ үшін мемлекеттік грантын беруге арналған конкурс

Ұйымдастырушы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы
Басталуы 01.03.2023 18:30
Аяқталуы 01.03.2023 18:30
Өткізу орны Астана, пр. Қабанбай батыр, 11/5

Байланыс

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» РММ мемлекеттік грантың ҮЕҰ-ға беруге конкурс жариялайды.

Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігін мониторингілеу және бағалау қағидалары әлеуметтік саланы дамытудағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында өткізіледі.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабатта орналасқан.
Өтінімдерді Оператор 1 наурызға Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін қабылдайды.
Толығырақ сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://cisc.kz/kk/49887-49887.html