Маңғыстау облысының ҮЕҰ өкілдеріне гранттық қаржыландырудың жаңа тетіктері түсіндірілді

Жарияланған күні: 25.11.2022


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман Маңғыстау облысының ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

ҮЕҰ- ны мемлекеттік гранттық қаржыландырудың жаңа механизмдерін түсіндіру жөніндегі делегацияның құрамында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері болды.
Қоғам белсенділеріне үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібі туралы толыққанды ақпарат берілді.
Сондай-ақ, жиын барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы келесі жылы градуирленген гранттар жүйесінің енгізілетінін айтты.

Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз сұрақтарына жауап алып, гранттық қаржыландыру жүйесін жақсартуға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.