Жарияланған күні: 18.10.2022
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ұжымның ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілімен кездесуі ұйымдастырылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының Аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Мамыт біздің ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.