Жарияланған күні: 29.09.2022
БҰҰ-ның Мақсатты қоры құрбандарға көмек көрсету және қолдау жөніндегі қызметтердегі олқылықтарды жоюға, сондай-ақ табыс алу жөніндегі қызметке баса назар аудара отырып, орнықты экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған жобаларға қаржылық қолдау көрсетеді.
Мақсатты қор келесі қызметтерді қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін қолдау мен көмек көрсететін ұйымдарды қаржыландыруға арналған:
- Медициналық қызметтер, оның ішінде жыныстық және репродуктивті денсаулық саласындағы қызметтер;
- Стигматизация мен кемсітушілікке қарсы күресті қоса алғанда, психоәлеуметтік қызметтер;
- Заң қызметтері және құқықтық қорғаудың тиімді құралына қол жеткізу;
- Қажеттілігіне қарай азық-түлік, киім-кешек, төтенше жағдайлардағы қауіпсіз баспана, білім беру, сондай-ақ негізгі дәрі-дәрмектер мен қызметтер сияқты жедел материалдық көмек.
Конкурс шарттары:
- Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:
- Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемелері, қорлары және бағдарламалары
- Сексуалдық қанау және жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек және қосалқы қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар
- Өтінім ағылшын тілінде толтырылуы тиіс
- Қор 6-24 ай ішінде жобаның іске асырылуын қаржыландырады.
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2022 жылғы 15 қазан.
Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://www.un.org/preventing-sexual-exploitation-and-abuse/ru/content/submit-project-proposals