Жарияланған күні: 26.09.2022
Оқыту курстарын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен, Орталық Азияның Еуразия қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
19 шілде мен 25 тамыз аралығында өткен оқыту курстарына Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант алушылары қатысты.
Жобаның мақсаты – Орталықтың грант алушыларының құзыретін арттыру, іске асырылып жатқан жобалардың тұрақтылығын және үкіметтік емес ұйымдар жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету.
Курс барысында тыңдаушылар фандрайзинг, жобалық басқару, корпоративтік және институционалдық донорлармен өзара ынтымақтастық, қаржылық менеджмент және бухгалтерлік есеп саласындағы білім деңгейін арттырды.
«Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі жүргізген курсы аясында алынған білім мен дағдылар ҮЕҰ өкілдеріне жоба кезеңдерін жүйелі түрде құруға, күрделі басқарушылық жағдайларды реттеуге, жалпы азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – дейді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы офисі Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқық қорғау институттарын нығайту маңызды басымдық береді.
«Онлайн-тренинг ҮЕҰ тұрақтылығын қолдауға елеулі үлес қосты, бұл бізге қоғамның маңызды мәселелері мен алаңдатарлық үрдістерді назарда ұстауға көмектеседі», – деп атап өтті Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов.
Оқытудан барлығы 50-ден астам грант алушы өтсе, олардың 18-і халықаралық стандарттағы сертификатқа ие болды.
Орталықта үкіметтік емес сектор өкілдерінің кәсіби дағдыларын арттыру жұмысы жалғасатынын айтты.