“ШАҢЫРАҚ-2008” ҚБ

Ұйымдастырушы
Басталуы 31.08.2022
Өткізу орны ,

Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен «ШАҢЫРАҚ-2008» қоғамдық бірлестігі бірлесе 26 тамыз сағат 15.00 «Ақжелкен» шығармашылық орталығының мәжіліс залында  «Әке-баланын қорғаны» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарға Атырау қаласы және барлық аудандардан Әкелер кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Мақсаты: «Отбасы хрестоматиясы» кітабында отбасының психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бағытында отбасындағы әкенің рөлін ұлағатты сөздермен ұғындыру.

Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Зәмзәгүл Хиданқызы, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығының төрағасы Нурберген Абдрешевич, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиал басшысы  Гульфия Абайқызы және Елсана Руханият-патриоттық Клубы «Аманат» әкелер алаңының жетекшісі Ертай Асқарұлы семинар барысында қатысушыларға отбасындағы әкенің алатын орны, балаға берер тәрбиесі жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, қатысушылар белсенділік танып, тақырып аясында пікірлерін білдірді. Оның ішінде «Көкжал» батырлар алаңы жетекшісі Кенжегалиев  Орақ Абуұлы әке болу,оның үлкен жауапкершілігі мен міндетін атап, сұрақтарға жауап берді. Махамбет аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Тлеген Сырымжан бала әкенің айнасы, ата-ана не қылса, бала да соны қайталап, жөн санайды, сондықтан әр әрекетке мәнмен қарайық деп үндеу тастады. Жылыой ауданы, №4 жалпы орта білім беретін мектептің әкелер кеңесінің мүшесі Досқалиев Стамғали ұл балалардың тәрбиесіне мектеп бағдарламасы да әсер етеді десе, Габдуллин Алтынбек отбасындағы бала тәрбиесі тек әкеге емес, аналарға да тікелей байланысты деп ой толғады.

Облыстық семинар қатысушылары көкейкесті сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. «Отбасы хрестоматиясы» кітабы талданып, өзге де кітаптардан көрме құралды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Отбасылық хрестоматиядан Əкелерге ой салар үзінді əңгімелер» атты брошюралар таратылды.