«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің 2022 жылға
арналған Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік грант беруге арналған
конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне
өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
19 шілде 2022 жыл Нұр-Сұлтан
Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2022 жылғы 30 маусым күні жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға
(бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған конкурстың нәтижелері
бойынша 4 ҮЕҰ-дан 7 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім түскенін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 14 шілдеде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22-00-де аяқталды. Өтінімдердің хабарландыруда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру ағымдағы жылғы 19 шілдеде аяқталды.
Ағымдағы жылғы 21 маусымында өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:
1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;
3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.
Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.
Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік;
2) өтінім Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
3) заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкессіздік.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы мәселені қарауды сұраймын:
№ | № темы | Тақырыптың атауы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер |
Ереженің 28-тармағы
(Өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі) |
||||
1. | 2. | Гендерлік теңдікті ілгерлетуге бағытталған іс-шаралар кешені | ҚҚ «Аксункар» | Қағидалардың 26-тармағына сәйкес келмеуі |
Ереженің 28-тармағы (өтініштің бекітілген жоспарға сәйкес келмеуі) | ||||
1. | 2. | Гендерлік теңдікті ілгерлетуге бағытталған іс-шаралар кешені | ҚБ «Шанырак 2008» | Жоспарға сәкес келмеуі |
Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 3 ҮЕҰ-дан 5 өтінім жіберіледі, оның ішінде 1 ҮЕҰ-дан мемлекеттік тілде 1 өтінім:
№ | № темы | Наименование темы | Количество заявок |
1. | 8. | Этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар арасында жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру | 2 |
2. | 6. | «Спорт. Өмір. Саулық» және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жобасын жүзеге асыру бойынша қызметтер (жастар арасында суицидтің, СПИД-тің, нашақорлық пен алкоголизмнің, интернет пен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру) | 2 |
3. | 4. | Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар өткізу | 1 |
Жобаларды басқару
департаментінің директоры Е.Рашидов