Қазақстанның 7 облысы бойынша ШАҒЫН ГРАНТТАР байқауы жарияланды!
Байқау мақсаты – Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдық елді мекендердің проблемаларын шешуге азаматтарды тарту.
Байқауға Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының жергілікті қоғамдастық мүшелері (жиын немесе жиналыс мүшелері) және ауылдың белсенді тұрғындары жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып қатыса алады.
Сыйақы қоры – 7 000 000 теңге, 1 өңірге 1 000 000 тг;
Бір жобаның максималды қаржыландырылуы 435 000 тг дейін;
Өтінім беру мерзімі: 21 маусым – 12 шілде 2022ж. (Нұр-Сұлтан қ., уақытымен 18.00 дейін)
Байқауға қатысу өтінімдерін grants_gamo@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Байланыс тел: 8 (775) 698-88-30, 8(702)726 12 96
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жоба аясында шағын гранттар байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Осы Ереже Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының ауылдық жерлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жергілікті қоғамдастық мүшелердің әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін шағын гранттар бөлу байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу тәртібін айқындайды.
7 өңірге бөлінетін грант соммасы 7 000 000 теңгені, 1 өңірге 1 000 000 теңгені құрайды. Байқау аясында жеңімпаздар анықталып, әр қайсысы 100 000 (жүз мың) теңгеден 435 000 (төрт жүз отыз бес мың) теңге көлемінде шағын гранттар алады.
- Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдауымен жүзеге асырылатын «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасы аясында өткізіледі.
- Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
Ұйымдастырушы – байқауды ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйым;
Өтінім беруші – байқауға қатысуға өтінім берген ҚР 7 өңірінің жергілікті қоғамдастық мүшелері;
Грант алушы – грант алған байқау жеңімпазы.
Байқау – осы Қағидаларға сәйкес шағын гранттар беру үшін жеңімпазды анықтау процесі.
Іріктеу комиссиясы – шағын грант иелерін іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін Ұйымдастырушы құратын алқалы орган.
Оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
2. БАЙҚАУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Байқау мақсаты:
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдық елді мекендердің проблемаларын шешуге азматтарды тарту.
2.2. Байқау міндеттері:
- ауылдық жерлердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру;
- ауылдық жерлерді дамыту бойынша әлеуметтік жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту;
- ауылдық жерлердің проблемаларын шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту.
3. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
- Шағын-гранттар байқауына жергілікті қоғамдастық мүшелері (жиын немесе жиналыс мүшелері) және ауыл белсенді тұрғындары жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып қатыса алады.
- Байқау жеңімпаздары өздерінің әлеуметтік жобаларын жоғарыда көрсетілген 7 облыста жүзеге асыруы қажет.
- Өтінім беруші 18 жастан асқан болуы тиіс. Байқауға қатысуға өтінімді жергілікті қоғамдастықтың атынан (жиын немесе жиналыс мүшелері), өзімен қосқанда кемінде 3 мүшесін көрсете отырып беруі тиіс.
4. ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Жобалар ауыл халқының бастамаларын қолдауға, ауылдық жерлердің әлеуметтік проблемаларын шешуге ауыл азаматтарының белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталуы тиіс.
- Шағын грант қаражатын қоғамдастықты материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, объектілерді күрделі жөндеуге және салуға, жылжымайтын мүлікті және жабдықтарды сатып алуға жұмсауға жол берілмейді.
- Жобалар ауылдық аумақтарды дамытуға, ауылдық жерлердің өзекті проблемаларын шешуге, азаматтарды өздері тұратын ауылдық жерлерді дамытуға тарту үшін тиімді тетіктер мен қолайлы жағдайлар жасауға бағытталуы тиіс, соның ішінде:
Жобалар төмендегі бағыттар бойынша қолданады:
- Жергілікті тұрғындардың мәдени дамуына жағдай жасау, оның ішінде ақпараттық орталықтардың жұмысына қолдау көрсету немесе ұйымдастыру (мәдениет үйіндегі үйірмелер мен секциялардың өздері үшін жұмыс жасау және жұмыс жасау үшін жағдайлар жасау және т.б.);
- Балалар мен жастардың шығармашылығын дамыту (байқаулар, көрмелер, театрландырылған қойылымдар);
- Еріктілерді дамыту;
- Жастар мен балалардың бос уақытын өткізу (аула клубтары, интеллектуалды ойындар, тарихи орындарға экскурсиялар және т.б.);
- Жасөспірімдер мен жастарды мәдени тәрбиелеу (акциялар және мәдени іс-шаралар өткізу);
- Туризмді дамытуға ықпал ету (туристік орындарды жақсарту, қоқыс жәшіктерін, күркелер орнату және т.б.)
- Инженерлік инфрақұрылымды орнатуға қолдау көрсету (ойын алаңын орнату, ағынды суларды тазарту құрылыстарын орнату және т.б.)
- Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдай жасау (жабдық сатып алу, оқыту іс-шаралары және т.б.)
- Тарихи орындарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар;
- Жұмыссыз ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға, оқытуға, қайта даярлауға қолдау көрсету;
- Ауылдық елді-мекеннің дамуын жоспарлау;
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қолдау көрсету (жиындар, жиналыстар, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастық мүшелерін оқыту, жергілікті қоғамдастықтың қызметін дамытуға бағытталған іс-шаралар және т.б.)
- Қоғамдық мониторинг жүргізу (ауыл бюджетін игерудің тиімділігін бақылау, ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік сатып алуларын бақылау, ауылды дамыту жоспарының орындалуын бақылау және т.б.)
- Жобалар шарт жасалған сәттен бастап 2022 жылдың 31 қазанына дейін
іске асырылуы тиіс.
- Іріктеу комиссиясы жобаларды қарау барысында ауылдық жерлердегі жағдайды
жүйелі, қолданысқа сәйкес, түбегейлі өзгертетін жобаларға басым назар аударатын болады.
- Жоба өтінім формасына (№1 қосымша) сәйкес ресімделуі тиіс.
5. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
- Байқауды өткізу тәртібі:
- Шағын грантқа өтінім беру мерзімі: 21 маусым – 12 шілде 2022ж. (Нұр-Сұлтан қ., уақытымен 18.00 дейін)
- Іріктеу комиссиясының өтінімдерді қарау мерзімі: 13 шілде – 19 шілде 2022ж.
- Жеңімпаздарды анықтау: 19 шілде 2022 ж.
- Жобаны жүзеге асыру мерзімі: келісім шартқа қол қойғаннан бастап 31 қазан 2022ж. дейін
5.2 Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау:
- Байқауға қатысу үшін жобалық өтінімдер осы Ереженің 1- қосымшасына сәйкес рәсімделген және Microsoft word форматында болуы тиіс.
- Сондай-ақ жобаның мәнін ашатын презентация немесе видео болған жағдайда өтініммен бірге поштаға жіберу қажет.
- Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтінім берушіден байқауға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
- Байқауға қатысуға өтінім – қатысушының осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттармен келісілетіндігін білдіреді.
- Байқауға өтінім берушілер тарапынан қатысу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
- Байқауға қатысушы өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін байқауға қатысуға өзінің өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
- Ұйымдастырушылармен белгілеген күннен кеш келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
- Ұйымдастырушылар алынған ақпараттың құпиялылығына және жеке деректердің сақталуына кепілдік береді.
- Іріктеудің басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыру gamo.kz, сондай- ақ әлеуметтік желілерде жобаның ресми беттерінде: Instagram: @gamo_aktau, Facebook: @gamo.mangystau және 7 облыстың жергілікті үйлестірушілердің әлеуметтік парақшаларында жарияланатын болады (1 кесте).
- Байқауға қатысу өтінімдерін grants_gamo@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыбын Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша әлеуметтік жобалар байқауы деп көрсету қажет.
6. ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ
- Іріктеу комиссиясы кемінде үш адамнан құрылады. Іріктеу комиссияның құрамына келісім бойынша әлеуметтік жобалардың тиімділігін бағалау саласындағы сарапшылар, әр өңірдің жергілікті атқарушы орган өкілдері және КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» өкілдері шақырылатын болады.
- Іріктеу комиссиясының мүшелері байқау мақсаттарына, міндеттеріне және өлшемдеріне сәйкес грант алушыны таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндеттенеді.
- Іріктеу комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің 2/3-і
қатысса, заңды болып табылады. Шешім жай көпшілік дауыспен қабылданады.
- Іріктеу комиссияның төрағасы іріктеу комиссияның отырысында
сайланады.
- Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің
көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Іріктеу комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, онда оның
мүшелерінің ерекше пікірлері көрсетілуі мүмкін. Хаттамаға іріктеу комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
- Ұйымдастырушының өкілі іріктеу комиссияның хатшысы болып
табылады, ол оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
- Іріктеу комиссияның шешімдері қайта қарауға жатпайды.
- Өтінімдерді бағалау және байқау жеңімпазын айқындау барысында
“мүдделер қақтығысы” жағдайы туындаған кезде жеке мүдделілігі шешім қабылдау процесіне әсер етуі мүмкін іріктеу комиссияның мүшесі туындаған “мүдделер қақтығысы” туралы іріктеу комиссияға хабарлауға және Комиссия мүшелері қатарынан шығуға тиіс.
7. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
- Іріктеу комиссиясы келесі бағалау критерийлеріне сәйкес жобаларды іріктейді:
№
п/п
|
Бағалау өлшемі | Бағалау салмағы, % |
1 | Халықтың ауылдық жердің проблемаларын
шешуге қатысуы |
5 |
2 | Мақсатты топтардың қажеттіліктеріне сәйкестігі және міндеттерін шешудегі тиімділігі | 5 |
3 | Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен тұрақтылығы
|
5 |
4 | Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен
ұтымдылығы |
5 |
5 | Бюджеттің шынайлығы мен негізділігі | 5 |
Барлығы: |
- Бағалау комиссиясы келіп түскен жобаларды бағалаудың әрбір өлшемі бойынша бес балдық шкаламен бағалайтын болады (0-ден 5 балға дейін). Бір өңірге бөлінген бюджет аясында ең жоғарғы бал жинаған жобалар жеңімпаз болып есептеледі (1 облысқа бөлінген қаражат 1 000 000 теңге)
- Жобаның жалпы балы іріктеу комиссиясының барлық мүшелері ұсынған қорытынды балдардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.
- Шағын-гранттар байқауының жеңімпаздары әлеуметтік жобалары ең жоғары жалпы балл жинаған өтінім беруші болып табылады.
- Екі және одан да көп өтінімдер бірдей балл санын жинаған жағдайда басымдық ауылдық аумақтардың, ауылдық жерлердің жергілікті қоғамдастықтарының әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру тәжірибесі мол өтінім берушілерге беріледі.
8. ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ
- Байқауды ұйымдастырушылар шағын гранттардың іске асырылу барысына
мониторинг жүргізуге міндетті.
- Жобаны іске асыру мониторингі осы Ереженің 4 және 5-қосымшаларына
сәйкес әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты және шағын грант иегері ұсынған оларды іске асыру туралы есептерді жинау, өңдеу және талдау арқылы жүзеге асырылады.
- Мониторинг критерийі шағын грант беру туралы шартқа міндетті қосымша
болып табылатын осы Ереженің 1-Қосымшасының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жоба туралы ақпаратқа және жобаны іске асыру жоспарына негізделеді.
- Мемлекеттік гранттарды іске асыру мониторингінің өлшемшарттары
мыналарды қамтиды:
– белгіленген мерзімдерге сәйкес жоспарланған мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды және күтілетін нәтижелерді уақтылы орындау;
– есептерде және өзге де құжаттарда көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығы.
- Жоба тиісінше орындалмаған және Грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған
жағдайда, шағын грант иегері грантты қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
- Есептерді уақтылы тапсырмаған кезде шағын грант иегері ұйымдастырушыға
шағын грант беруге арналған шарттың жалпы сомасының әрбір кешіктірілген күнтізбелік күні үшін 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
- Шағын грант иегері оператор мен ұйымдастырушыға жобаның іске асырылу
барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісім береді.
- Грант алушының Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде гранттық жобаларды іске асыру туралы ақпарат, сондай-ақ олардың қорытындылары жариялануы тиіс.
9. ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН АУДАРУ ТӘРТІБІ
- Өтінім берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар байқауының қорытынды
хаттамасы мен қол қойылған грант беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
- Грантты қаржыландыру жобаның бекітілген сметасына сәйкес қойылған
шағын гранттар иелері ұсынатын төлем шоттары бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына ұйымдастырушының қаражатты аударуы жолымен жүзеге асырылады.
- Жергілікті қоғамдастықтың Еңбек ресурстарын тартуы ұйымдастырушы мен
тартылатын маман – орындаушы арасындағы қызметтер көрсетудің үлгілік шартының негізінде жергілікті қоғамдастықтың өтінімі бойынша бекітілген жоба сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Жергілікті қоғамдастықтың тартылатын мамандарының қызметтеріне ақы
төлеуді ұйымдастырушы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде Орындаушының есеп шотына салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ұстай отырып, ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырады.
- Сметаны түзетуге байқауды ұйымдастырушының келісімімен ғана оны
жазбаша хабардар ету жолымен жол беріледі.
10.ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
- Барлық туындаған дауларды ұйымдастырушы мен іріктеу комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.
- Байқауға қатысу бойынша сұрақтармен әр облыстағы жоба үйлестірушілеріне хабарласуға болады. Жоба үйлестірушілерінің байланыс мәліметтері төмендегі 1 кестеде көрсетілген.
- Байқау ұйымдастырушыларының мекен-жайы: Маңғыстау обл, Ақтау қ., 19 ш/а, 43 ЖК «RENION HOUSE», төменгі қабат, Байланыс тел: 8 (775) 698-88-30, e-mail: grants_gamo@mail.ru
Кесте 1. Жоба үйлестірушілерінің байланыс мәліметтері
Облыс | Мекен-жай | Байланыс мәліметі | Электронды пошта | Әлеуметтік желідегі парақшалар |
Түркістан облысы | Түркістан қ, жаңа қала ш/а, 32 көше «Басқармалар үйі» | 87715947234 | ga_uko@mail.ru | Facebook:
Акмарал Абдинабиева Түркістан облысы АзаматтықтАльянсы @turkestanazamattikallians |
Жамбыл облысы | Тараз қ., Желтоксан көшесі 78/202 кабинет | 87011209069 | islam.bayern@gmail.com | Жамбыл облысы
жастар ұйымдарының Қауымдастығы https://www.facebook.com/kauymdastyk.zhastar/kauymdastyk.zhastar |
Атырау облысы | Атырау қ., | 87780512949
87786687141 |
ualieva80@list.ru | @of_zolotoe_vremya |
Қызылорда облысы | Қызылорда қ., Ақмешіт ш/а 36 | 87027285554
87054306691 |
umai.kz@mail.ru | Facebook: |
Алматы облысы | Алматы облысы, Талдықорған қ., Қаратал ш/а, 36А ғимарат | 8 707 527 07 54
87019124642 |
raimbek_2006@mail.ru | https://www.facebook.com/profile.php?id=100010439652566 |
Батыс-Қазақстан облысы | Орал қ., дамбовая тупик 5/1 | 87027262524
87073404116 |
gaz_ko@mail.ru | |
Маңғыстау облысы | Ақтау қ., 19 ш/а 43 ЖК «RENION HOUSE», төменгі қабат | 8 775 698-88-30
87027261296 |
grants_gamo@mail.ru |
Қосымша 1
Жергілікті қоғамдастықтарға:
Елді мекен (міндетті түрде көрсету керек) | |
Өтінім беруші туралы мәліметтер: | |
Аты-жөні (толық) | |
Туған күні | |
Білімі (білім беру мекемесінің атауын және
мамандығын көрсету қажет) |
|
Жұмыс орны (ұйымның атауы және лауазымы) | |
Ұялы телефон (аталған телефон арқылы
ұйымдастырушылар сізбен байланысатын болады) |
|
Байланыс телефоны (негізгі телефон қол жетімсіз болған жағдайда). Адамның атын және оның сізбен қарым-қатынас дәрежесін көрсету: (дос, ана және т. б.) | |
Электронды пошта | |
Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету
үшін профильдер сілтемелерін көрсетіңіз) |
|
Қосымша мәліметтер (Сіздің ойыңызша,
Іріктеу комиссиясы білуге тиіс кез келген ақпарат, фактілер және басқа да мәліметтер) |
|
Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері туралы мәліметтер: | |
1 қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады) | |
Аты-жөні (толық) | |
Туған күні | |
Ұялы телефон (аталған телефон арқылы ұйымдастырушылар сізбен байланысатын
болады) |
|
Электрондық мекен-жай | |
Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік
желілеріндегі аккаунттар (іздеуді жеңілдету үшін профильдер сілтемелерін көрсетіңіз) |
|
2 қатысушы | |
3 қатысушы және т.б. |
- Жоба туралы ақпарат
1. | Жобаның атауы
Жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз |
|
2. | Жобаның мақсаты мен міндеттері
Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Сіздің елді мекеніңіздің қандай әлеуметтік мәселелерін шешеді? |
|
3. | Жобаны жүзеге асыру аймағы
|
|
4. | Жобаның мақсатты тобы
Сіздің жобаңыздан кім пайда алады? |
|
5. | Мақсатты топтың жоспарлы сандық қамтылуы
Сіздің жобаңыздан қанша адам пайда алады? Нақты санды көрсетіңіз |
|
6. | Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы. Жоба бойынша іс-шаралар тізбесі
Сіз жобаны іске асыру үшін не істейсіз? Сіз мұны қалай жасай аласыз? Қандай іс-шаралар өткізесіз? |
|
7. | Жоба бойынша серіктестер
Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнен көмек сұрайсыз? Кімді тарту керек? Сіз серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? (Серіктестердің атауын көрсетіңіз) |
|
8. | Күтілетін нәтижелер және жобаның әлеуметтік әсері
Нәтижесінде не аласыз? Жергілікті халық үшін сіздің жобаңыз қандай пайда әкеледі? Жоба аяқталғанна кейін сол елді мекенде қандай өзгерістер болады? |
|
9. | Жобаның жалпы құны (теңгемен)
Жобаны іске асыру үшін қанша қаражат қажет? |
|
10. | Жобаның тұрақтылығы Қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаны жалғастыра аласыз ба? Жобаны қалай жалғастыруды
жоспарлайсыз? |
|
11. | Ақпараттық қолдау
Адамдар сіздің жоба туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз? (Мүмкіндігінше атауын көрсетіңіз). |
|
12. | Әлеуметтік жобаның тәуекелдері Жобаның барысы мен нәтижесіне қандай тәуекелдер әсер етуі мүмкін? Сіз тәуекелді және мұндай салдарларды азайту ықтималдыығын қалай жоспарлайсыз? |
- Жобаны іске асыру жоспары
№ | Іс-әрекет / іс- шара | Жоспарланған мерзім | Қатысушылар | Топтың жауапты
мүшесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4. Жоба бюджеті
№ | Шығын бабы | Бірлік саны | Бағасы | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
- ұсыным хаттар (бар болған жағдайда);
- жоба презентациясы, жоба туралы видео (бар болған жағдайда).
Байқау қорытындылары жарияланғаннан кейін әлеуетті грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
2 Қосымша
ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НЫСАНЫ
Критерийге сәйкестігін бағалау шкаласы: 0-5 балл (бүтін сандар): | ||
Өтінім нөмірі: | 0 балл | Сәйкес келмеуі |
Жобаның бағыты: | 1-2 балл | Нашар сәйкестік |
Комиссия мүшесінің аты-жөні: | 3 балл | Қанағаттарлық
сәйкестік |
Қолы: | 4 балл | Жақсы сәйкестік |
Күні: | 5 балл | Өте жақсы
сәйкестік |
№ п/п | Бағалау критерилері | Бағалау (0-5
балл) |
1. | Халықтың ауылдық жердің проблемаларын шешуге қатысуы | |
2. | Мақсатты топтардың қажеттіліктеріне сәйкестігі және міндеттерін шешудегі тиімділігі | |
3. | Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен тұрақтылығы
|
|
4. | Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы | |
5. | Бюджеттің шынайлығы мен негізділігі
|
|
Өлшенген балдардың жалпы сомасы:
|
3-қосымша
Жобаның нәтижелері туралы есеп
Шағын грант иегері: | |
Жоба атауы: |
№ | Әрекет /
іс-шара |
Өткізу күні | Қатысушылар | Қол жеткізілген нәтижелер |
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
4. | ||||
5. | ||||
6. | ||||
7. | ||||
8. | ||||
9. | ||||
… |
Шағын грант иегері: | |
Күні: | |
Қолы: |
4-қосымша
Жобаның шығыстары бойынша есеп
Шағын грант иегері: | |
Жоба атауы: |
№ | Шығыстар бабы
(тауарлар, қызмет) |
Өлшем бірлігі | Бірлік саны
|
Бағасы | Сомасы | Қызметтерді, тауарларды жеткізуші
(есепті тапсыру кезінде) |
1. | ||||||
2. | ||||||
3. | ||||||
4. | ||||||
5. | ||||||
6. | ||||||
7. | ||||||
8. | ||||||
9. | ||||||
… | ||||||
Жиыны: |
Шағын грант иегері: | |
Күні: | |
Қолы: |