АБҚО-да сыбайлас жемқорлыққа «Нөлдік төзімділік» қағидалары тақырыбында онлайн-кездесу өтті

Жарияланған күні: 04.05.2022


26 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Әйгерім Аңсағановамен ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа «Нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мәселелері бойынша онлайн-форматта кездесу өткізілді.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қызметкерлерін ай сайынғы оқыту шеңберінде өтті.
Онлайн-кездесуге АБҚО-ның 19 қызметкері қатысты.
Барлық қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, АБҚО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі және call-орталықтың 1424 нөміріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі туралы хабардар етті.