БАҚ бағдарламалары үшін жалпы құны 140.000 доллар шағын гранттарға өтінімдер конкурсы жарияланды.  

Жарияланған күні: 03.05.2022


Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Қазақстанның медиа нарығын дамытатын жобаларды іске асыру үшін гранттарға өтінімдер қабылдауды жариялайды. Жобалар журналистиканың кәсіби стандарттарын ілгерілетуге, дұрыс жаңалықтар жинау мен алмасуға инновациялық тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ алқалы алмасуды дамытуға қолдау көрсетеді.

 

Байқаудың мақсаты: журналистердің кәсіби деңгейін көтеру және Қазақстандағы жалған ақпараттың теріс әсерін азайту.

 

Ұсынылатын жобалар келесі басым тақырыптарға сәйкес келуі тиіс:

1-тақырып: Жалған жаңалықтар мен жалған ақпаратқа қарсы тұру.

2-тақырып: Кәсіби журналистика стандарттарын, әсіресе деректерге негізделген фактілерді тексеру, верификация, журналистік зерттеулер мен репортаждарды, әсіресе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тыс өңірлерде ілгерілету.

3-тақырып: Әсіресе жас аудитория арасында жаңалықтар жинауға немесе бөлісуге инновациялық тәсілдерді насихаттау.

4-тақырып: Жоғары сапалы репортаждар, этикалық және объективті журналистика үшін кәсіпқойлардың алқалық алмасуларын немесе төменгі желілерін дамытуды қолдау.

 

Жоба журналистерді, блогерлерді, БАҚ – ты, БАҚ мамандары мен редакторларды тарту үшін ұйымдастырылған. Қазақстанның шалғай аймақтарындағы қазақ тілді аудиторияға бағытталған жобалар ынталандырылады.

 

Бір жобаның құны 40,000 долларға дейін болуы мүмкін.

 

Конкурс шарттары:

Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:

  • Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес ұйымдар
  • Қазақстанда тіркелген коммерциялық ұйымдар
  • Азаматтық қоғам / Қазақстанда тіркелген үкіметтік емес ұйымдар

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі:2022 жылғы 22 мамыр сағат 18: 00-де (GMT+6).

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:

https://kz.usembassy.gov/small-grants-for-media-programs