Азаматтық қоғам институттары БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қатысады

Жарияланған күні: 14.04.2022


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында «Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» гранттық жобасы қалың бұқараға танысытырылды, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.
Шара аясында «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ жетекшісі Әлішер Акказенов жобаның міндеттері мен күтілетін нәтижелері туралы айтып берді.
Жобаның басты мақсаты – орнықты дамудың әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін азаматтық бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ Қазақстанда ОДМ іске асырудың процессіне тәуелсіз баға беру.
Ұйымдастырушылар жобаны іске асыру азаматтық қоғамның ОДМ іске асыру проблематикасына тартылу деңгейін арттырады деп күтеді.
Сондай-ақ, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасында ОДМ іске асыру мәселелері бойынша әріптестік байланыстар құрылатын болады.
Жоба шеңберінде өңірлік деңгейде ОДМ іске асыру мақсатында ҮЕҰ-ға конкурстық негізде кемінде 7 шағын грант ұсыну жоспарланған.