Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасын іске асыру
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты:
Жоғалған адамдарды іздеу, халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға волонтерлерді тарту.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері:
Жоғарыда сипатталған мақсатқа қол жеткізу үшін нақты қадамдарды (міндеттерді)көздеу қажет.:
1) жоғалған адамдарды іздеу, халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс – шараларға қатысуға волонтерлерді қабылдау, даярлау және оқыту-жыл сайын.
2) конкурстық негізде жоғалған адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зілзала тәуекелдерін азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс – шараларға волонтерлерді тартуға бағытталған кемінде 30 шағын грант (әрқайсысы 300 мың теңгеден кем емес) беру және т.б. – жыл сайын жүзеге асырылады.
3) жоғалған адамдарды іздеуге, халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға волонтерлер мен азаматтарды тарту болып табылады.
4) жобаны іске асыруды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында жариялау qazvolunteer.kz әлеуметтік желілерде, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің Instagram, Facebook, оның ішінде шағын гранттарды іске асыру шеңберінде табысты кейстер туралы кемінде 8 бейнеролик дайындау – жыл сайын.
5) шағын гранттарды іске асыру шеңберінде табысты кейстер жинағын дайындау (кемінде 10 кейс) – жыл сайын.
6) жобаны іске асыру, іске асырылған шағын гранттардың тиімділігі туралы талдамалық баяндама дайындау – 2024 жыл.