Атырау қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 21.05.2025 жылғы №26 хаттамасы

«Атырау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «31» наурыздағы №11 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы    07 сәуірде жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 26 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                                       2025 жылғы «21» мамыр

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Карибаева Инара КуатовнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Джайлаубаева Данагуль БагитжановнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Исмаилов Шавкат Абдуллаевич        ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Алмабаев Алибек Окаповичқатысқан жоқ
5.Олжабай Асхат Құрышғалиұлықатысқан жоқ

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Шавкат Абдуллаевич Исмаиловты сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Карибаева Инара Куатовна101
2.Джайлаубаева Данагуль Багитжановна101
3.Исмаилов Шавкат Абдуллаевич101
4.Алмабаев Алибек Окапович101
5.Олжабай Асхат Құрышғалиұлы101

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 1 өтінімді құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 1 ҮЕҰ-нан түскен 1 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіКарибаева Инара КуатовнаДжайлаубаева Данагуль БагитжановнаИсмаилов Шавкат АбдуллаевичАлмабаев Алибек ОкаповичОлжабай Асхат ҚұрышғалиұлыБарлығы
Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынасты нығайтуқысқа мерзімді3 000,0«Әлеуметтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры2927304841175

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынасты нығайтуқысқа мерзімді«Әлеуметтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры175

Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________ Исмаилов Ш.А.

Документы