Жарияланған күні: 02.02.2022
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттарды ұсыну мақсатында үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдерді 7 ақпандағы сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
10 қаңтарда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылға ҮЕҰ үшін 53 тақырып бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну мақсатында конкурс жариялады.
Мемлекеттік гранттық жобалар адам, балалар құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және ұлттық бірлікті ілгерілету сияқты қоғамның әлеуметтік, мәдени салаларының 12 бағытын қамтиды.
Іріктеу ережелерімен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://cisc.kz/kk/memlekettik-emes-ujymdargha-memlekettik-granttardy-berwge-arnalghan-konkwrs-zhariyalanady-2-20266.html