Жарияланған күні: 25.01.2022
Үкіметтік емес ұйымдар үш жылдық жобаға өтінімді беру кезінде үш жыл бойы жүргізетін қызметін сипаттайды.
«Ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны» деп аталатын 8-ші қосымшада әлеуметтік жобаның және әлеуметтік бағдарламаның мазмұнын егжей-тегжейлі жазу қажет. Бұл ретте әр жылы жүргізілетін жұмысты көрсету маңызды.
«Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасы» деп аталатын 9-қосымшада әр жылы жұмсалатын қаражат көрсетілуі тиіс.
Барлық егжей-тегжейлі ақпарат конкурстық құжаттамада келтірілген.
Айта кетейік, 2022 жылы гранттық қаржыландыру аясында «ҮЕҰ академиясы»,«Birgemiz : Úmit», «Birgemiz : Bilim», «Birgemiz : Saýlyq», «Birgemiz: Taza Álem», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Asyl мura», «Birgemiz: Ayala» сияқты 9 ұзақмерзімді жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Үш жылдық жобалардың ерекшелігі оның ұзақ мерзімділігін өлшеу мүмкіндігінде.
Үш жылдық жобаны іске асыру нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне оң ықпал етеді.