ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру саласындағы сараптамалық комиссияның құрамы бекітілді

Жарияланған күні: 25.01.2022


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфирде грант алушылардың өтінімдерін бағалайтын сараптама комиссиясыны іріктеу процесі өтті.
Сараптама комиссиясы мүшелерінің алдын ала құрамын қалыптастыру процесіне тәуелсіз бақылаушылар қатысты .
«Ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету – біздің орталық қызметінің басты қағидаттары. Біз мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстың барлық кезеңдерінде осыған ерекше көңіл бөлеміз. Сараптама комиссиясының мүшелерін қалыптастыру және өтінімдерді тарату процесінің өзі кездейсоқ іріктеу әдісі арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік грант алуға өтінімдерді іріктеуді сараптамалық комиссия жүзеге асыратындықтан, оның құрамын ашық түрде анықтау маңызды», – деп мәлімдеді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас.
Сарапшылар кездейсоқ сандарды таңдау бағдарламасы арқылы 15 бағыт бойынша таңдалды.
«Бүгінгі сарапшыларды іріктеу процесі ашық өтті деуге толық негіз бар. Барлық мүшелер кездейсоқ сандардың рандомайзері арқылы таңдалды. «Адам факторы» болған жоқ. Сараптамалық комиссияны құру процесіне мен екінші жыл қатысып отырмын. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ашықтығы өткен жылға қарағанда әлдеқайда арта түскенін айта аламын», – деп алға тартты «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Тимур Жұмырбаев.
Сондай-ақ, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері тікелей эфирде ҮЕҰ өкілдерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берді.