Жарияланған күні: 10.01.2022
Құрметті достар! Қазақстандықтарға гуманитарлық және психологиялық көмек көрсетуде еріктілерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау таныту мақсатында Нұр-Сұлтанда Республикалық Волонтерлерді үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Біз волонтерлер мен еріктілерге ақпараттық және ұйымдастырушылық көмекті ұсынамыз.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, республикалық Birgemiz волонтерлер фронт-офисі және Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, көмекке мұқтаж ел тұрғындарына, әсіресе, деструктивті топтардың әрекеттерінен зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсеткісі келетін волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинауда. Волонтерлерді жергілікті деңгейде хабардар ету, комендатура мен әкімдіктермен байланыс орнату бағытындағы шараларды қолға алу үшін әр облыста жұмыс істейтін үйлестірушілер айқындалған.
Егер Сіз көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдескіңіз келсе, өзіңізге қатысты мәліметтерді (байланыстар, аймақ және көрсетілетін көмек түрі) суретте көрсетілген байланыс нөмірлеріне жібере аласыз.
Тәртіпсіздіктердің салдарын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыруға волонтерлер лаңкестікке қарсы операция аяқталған соң көмектесетін болады.