Құжаттар: 2019 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды барынша азайту және алдын алу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандум
Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру
Агенттік туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.