Эксперттер тізілімін құру туралы

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде операторға осы тармақта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, тізілімге енгізу үшін тиісті кандидатуралар бар ұсыныстарды жібереді.
Үкіметтік емес ұйымның немесе мемлекеттік органның ұсынысы үкіметтік емес ұйымның немесе мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізілімге енгізу үшін кандидат туралы мәліметтерді;
2) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін немесе сараптама жүргізу немесе әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды бағалау жөніндегі комиссияларға қатысу тәжірибесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған сарапшылыққа кандидаттың
түйіндемесін;
3) гранттық қаржыландыру бағыты бойынша сарапшының біліктілігін растайтын ұсыным хаттар (бар болса), дипломдардың, сертификаттардың көшірмелерін;
4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;
5) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сарапшының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға, оның ішінде жариялауға келісімі туралы өтінішті қоса бере отырып, еркін нысандағы ресми хатпен жіберілуі тиіс.

Осы орайда, Орталық үкіметтік емес ұйымдарды тізілімге енгізу үшін кандидатураларды берілген қосымшаға сәйкес expert@cisc.kz электрондық поштасына жіберулерін сұрайды.

Гранттар беру және олардың
іске асырылуына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Нысан

Кімге: “Азаматтық
бастамаларды қолдау орталығы”
коммерциялық емес акционерлік
қоғамына
Кімнен: _____________________
(үкіметтік емес ұйымның толық
атауын көрсету)

 

Сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидат туралы мәліметтер

Осымен сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидат туралы ақпаратты жібереміз, кестеде көрсетілген ақпарат кандидаттан алынғанын, тексерілгенін, дұрыс және толық болып табылатынын растаймыз.

 

р/с №

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Байланыс ақпараты

жұмыс орны, лауазымы

Заңның 5-бабы 1-тармағына сәйкес кандидатура ұсынылатын бағыт

Кандидатты ұсынатын үкіметтік емес ұйымның атауы

5-бағанда көрсетілген бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі

Ұсынымдар (бар болса) (үкіметтік емес ұйымның атауын көрсету)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

 

Қосымшалар:

1) кандидаттың растайтын құжаттары бар түйіндемесі;

2) ұсыным хаттарының көшірмелері (бар болса);

3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

20____ жылғы “____ ” Қолы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда). Лауазымы

 

Гранттар беру және олардың

іске асырылуына мониторингті

жүзеге асыру қағидаларына

3-қосымша

 

Кандитат түйіндемесі

1. Білімі

Білім беру мекемесінің атауы (қала, ел)

Түскен уақыты

Аяқтаған күні

Факультеті

Мамандығы

 

Біліктілік арттыруы

Білім беру мекемесінің атауы (қала, ел)

Сертификат атауы, мамандану тақырыбы

Түскен уақыты

Аяқтаған күні

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

2. Еңбек қызметі (соңғы жұмыс орнынан бастап, барлық алдыңғы жұмыс орындарын атап өтіңіз):

Ұйымның атауы және орналасқан жері:

Ұйым қызметінің бағыты:

Атауы

Басталуы (ай және жыл)

Аяқталуы (ай және жыл)

Лауазымдық міндеттері:

 

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының, грамоталарының, алғыс хаттарының болуы (атауы және марапаттау күні);

4. Үй мекенжайы (нақты және тіркеу бойынша);

5. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Растайтын құжаттар (қосымшаларымен дипломдардың көшірмесі), еңбек кітапшасының көшірмелері

 

Гранттар беру және олардың

іске асырылуына мониторингті
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Сараптама комиссиясыныңтөрағасына
Кімнен:
____________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

Мен (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, гранттар беруге арналған сараптама комиссиясының сарапшысы бола отырып, менің дербес
деректерімді жинауға, өңдеуге, таратуға, оның ішінде жариялауға келісім беремін/келісім бермеймін.

(қолы)