Сарапшылар тізімін қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыра отырмыз

Жарияланған күні: 03.11.2021


Құрметті достар!
Біз 2022 жылға арналған мемлекеттік гранттарды алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардан келетін өтінімдерді бағалайтын сарапшылар тізімін қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыра отырып, Сіздерді сарапшылар қатарына шақырамыз.
Комиссияның әлеуетті мүшесінің мемлекеттік қызметте ҮЕҰ-ның бір немесе бірнеше бағыты бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе сараптама жүргізудің, әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бағалау жөніндегі комиссияларға қатысудың кемінде екі жылдық тәжірибесі болуы тиіс.
Сонымен қатар, сарапшыдан бөлінетін мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша кәсіби білімінің болуы талап етіледі.
Өз кандидатураңызды expert@cisc.kz электрондық мекенжайына үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған ресми хат арқылы жолдай аласыз.
Өтінімдер 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.
Сарапшылар тізіліміне ену туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/2021/02/02/15006/ сілтемесі арқылы біле аласыз.