Басқарма Төрағасы Лима Диас адам құқығын қорғау бойынша өткен өңірлік конференцияға қатысты

Жарияланған күні: 29.10.2021


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының  ЕЫҚҰ Бағдарламалық кеңсесі ұйымдастырған, COVID-19 пандемиясы уақытында Орталық Азияда адам құқығын қорғау бойынша өткен өңірлік конференцияға қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері адам құқығы бойынша мәселелерді реттеуде ынтымақтастық тәжірибелерімен алмасып, азаматтық қоғам ұйымдарының қажеттілігі мен Орталық Азияда пандемия уақытында адам құқығы саласында жұмыс істейтін адамдар бетпе-бет келген проблемаларды талқылады.

Күн тәртібінің маңыздылығын атай келе Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрағасы Лима Диас іс-шараға қатысушылардың назарын ашық, әділ және адам мемлекеттік гранттық қолдаудың қолжетімді құқығына аударып, адам құқығын қорғауға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған Орталықтың жобалары туралы айтып берді. Бұл бағытта ұйымның қолдауымен бүгінгі таңда «Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтауда медиация институтын қолдану», «Демеу», «Жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу», «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, тұрмыстық-отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру» және тағы басқа бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, ол шағын гранттық бастамалардағы трендтер мен сауалдар туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша адам құқығына қатысты мәселелерді шешудегі ұсынымдар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарына бағытталады.