Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында сенім телефоны іске қосылды

Жарияланған күні: 28.09.2021


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында сенім телефоны іске қосылды

Гранттық механизм жұмысының ашықтығын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сенім телефонын іске қосу – Орталық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың бірі.
Сіз кез келген бұзушылықтар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік немесе бейәдеп мінез-құлық фактілері туралы хабарлай аласыз. Сондай-ақ, сенім телефоны арқылы біздің грант алушылардың өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы туралы хабарламаларыңызды қалдыра аласыз.
Комплаенс-офицер түскен өтініштерді әділ өңдейді. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.
Сенім телефоны: 8-771-348-83-84
Жұмыс уақыты: дүйсенбі- жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі