«Ең мейірімді» конкурстар сериясына қатысу үшін өтінімдер қабылдана бастады

Жарияланған күні: 01.09.2021


Қазақстанда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына қатысушылар арасында «Ең мейірімді» конкурстар сериясы басталды. Конкурс «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілуде.

 

Жеңімпаздар он номинация бойынша анықталады: «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді бизнес», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді аула», «Ең мейірімді ЖОО», «Ең мейірімді мектеп», «Қоршаған ортаға ең мейірімді», «Ең мейірімді редакция» және «Ең мейірімді волонтер». Конкурсқа қатысуға Қайырымды істер марафоны» жобасы шеңберінде қайырымдылық және волонтерлік қызметке тартылған кәмелет жастағы қазақстандықтар қатыса алады.

 

«Конкурсты өткізу елдегі қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті насихаттауға бағытталған. Әрбір номинация үшін біз іріктеудің талаптары мен механикасын ойлап таптық. Онда акциялар мен іс-шараларға қатысудан бөлек, нәтиже, сонымен қатар басқа да сапа бойынша көрсеткіштер есепке алынады», – деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас.

 

Өтінімді 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 29 қазаны аралығында беруге болады. Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды қабылдау комиссиясы осы жылдың 1-12 қарашасы аралығында айқындайды. Толыққанды ақпарат, әрбір номинацияның тәртібі мен қатысушылардың анкетасы Марафон жобасының ресми – www.qim.kz сайтында орналастырылады. Барлық сұрақтар бойынша «Қайырымды істер марафоны» жобасының ұйымдастырушылық комитетінің өкілдеріне мына нөмір бойынша жүгінуге болады: +7 701 513 55 00.

 

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру. Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының qim.kz сайтынан көруге болады. Марафонға ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін өзінің жақсы істерін әлеуметтік желілерде #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хештегімен жариялауы керек.