Жарияланған күні: 12.08.2021
2021 жылғы 1 қыркүйекте, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдардан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтайды. Осыған байланысты, бүгінгі таңда ҮЕҰ өтінімдерін қарау үшін ҮЕҰ, БАҚ, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдері кіретін (1-кезең) әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылуда: білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету; халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; мәдениет пен өнерді дамыту; тарихи-мәдени мұраны қорғау; қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту; өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу; азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу. Жұмыс тобына келесі тұлғалар өз кандидатураларын ұсына алады: ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері; жоғарыда көрсетілген бағыттардың бірі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі барлар; жоғары білімі және / немесе ғылыми дәрежесі бар азаматтар; ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға үміткер емес тұлғалар. Барлық кандидатуралар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі және мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан қаралатын болады. Жұмыс тобы мүшелерінің өтінімдерді қарастыруы ағымдағы жылғы 10-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.; Сарапшылардың жұмысына ақы төленбейді және қоғамдық негізде жүргізіледі; Жұмыс тобы сарапшыларының қорытынды бағалары бұдан әрі комиссияның қорытынды отырысында қаралатын болады (2-кезең). Егер Сіз белсенді азаматтық ұстанымға ие болсаңыз және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсенің, біз сізді келесі құжаттарды ұсына отырып, қатысуға шақырамыз: - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; - бағыт бойынша сарапшының біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері; - жұмыс берушінің қолы қойылған, мөрмен бекітілген үміткердің еңбек өтілін растайтын түйіндеме. Барлық құжаттарды бағытты көрсете отырып ueu_syilygy@qogam.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауларыңызды (техникалық ақауларды болдырмау мақсатында құжаттарды жолдағаннан кейін бізбен хабарласуды) сұраймыз Толық ақпаратты келесі номерлер бойынша білуге болады: +7 (7172) 74 09 97, 74 02 17, 74 05 11, +7 (705) 101 59 05, +7 (702) 376 84 00, +7 (702) 714 63 24.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.