Прага азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) «InterActionsUA» кәсіби алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды

Жарияланған күні: 06.08.2021


Прага азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) «InterActionsUA» кәсіби алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. Бағдарлама қоғамдық белсенділерге, журналистерге, зерттеушілерге, әлеуметтік кәсіпкерлерге, сарапшылар мен талдаушыларға Украинаның азаматтық қоғам ұйымдарымен бірге жұмыс істеуге, олардан үйренуге және өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Алмасу бағдарламасының ұзақтығы – 2 айға дейін. Бағдарламаға қатысушылар үшін ұшу, ПТР немесе басқа да міндетті тесттер, тұру, тамақтану, байланыс, жергілікті көлік және басқа да негізделген шығындар өтеледі.
Конкурстың мақсаты: Украина мен Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық бастамалар, КЕҰ, медиа, әлеуметтік бизнес және талдау орталықтары арасында тәжірибе алмасу және серіктестік байланыстар орнату.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 27 тамыз
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://www.praguecivilsociety.org/events/interactionsua-professional-exchange-programme