Дөңгелек-үстел аясында сараптамалық кездесу

Жарияланған күні: 04.08.2021


2021 жылдың 5 тамызында “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” жобасы бойынша дөңгелек-үстел аясында сараптамалық кездесу өткізілетін болады.

Іс-шара барысында өңірлерде ЖӨБ дамыту мәселелері талқыланады: ЖӨБ-ды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы, жобаның аралық нәтижелері, ауылдарды дамытудың инклюзивті жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ өткеннен сабақ алу. Кездесу қорытындысы бойынша ЖӨБ жетілдіру және жобаға қатысты ұсынымдар әзірленетін болады.

Басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15: 30-да.
Дөңгелек үстел трансляциясы Facebook парақшасында қолжетімді болады: @CISC.KZ

Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен “Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы” ЗТБ іске асырады.