Жарияланған күні: 28.06.2021
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ағымдағы жылдың 15 маусымында «Qazaqstan Project Management Awards 2021» ұлттық конкурсы басталғанын хабарлайды.
Конкурс жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнес өкілдерін, сондай-ақ жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған.
Ұлттық конкурсқа қатысушыларға бірқатар артықшылықтар бар. Атап айтқанда, жобалық басқарудың ұлттық дамуына өз үлесін қосу, өз жобасы туралы кең аудитория арасында жариялау, бенчмаркинг жүргізу және жобалық менеджменттің ұйымдастырушылық жетілуін басқа қатысушылармен салыстыру мүмкіндігі.
Конкурс «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жоба менеджері» және «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» үш номинация бойынша келесі санаттарда өткізіледі:
• «Орталық мемлекеттік органдар»;
• «Жергілікті атқарушы органдар»;
• «Квазимемлекеттік сектор»;
• «Бизнес»;
• «Үкіметтік емес ұйымдар»;
• «ЖОО».
Сондай-ақ, конкурс аясында «Жылдың үздік гендерлік жобасы», «Жылдың үздік PM-тренері» және «Жылдың балаға мейірімді үздік жобасы» арнайы сыйлықтары қарастырылған. Жеңімпаздарды марапаттау «Алтын Сапа» алаңында өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылғы 15 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сайтында www.apa.kz «Жобалық кеңсе» бөлімінің «Конкурс» тармағында онлайн-өтінім беру қажет. Аталған тармақта конкурс ережесімен, конкурсты өткізу мерзімдері және кезеңдерімен танысуға, есептердің нысандарын және оларды толтыру қағидаларын жүктеуге болады (байланысу,жоба үйлестірушісі Гүлжан Ауданбай, e-mail:g.audanbai@apa.kz, тел. 87002168697).
Конкурсқа қатысу үшін қосымша ақы төлеу қажет. Бір ұйымның бір уақытта бірнеше номинацияға қатысу мүмкіндігі бар.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқаруындағы жобалық менеджментті дамыту орталығы. Конкурс Операторы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
ҮЕҰ арасындағы конкурстың ақпараттық қолдауын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы көрсетеді.