Жарияланған күні: 09.06.2021
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттар беруге өтініштерді бағалайтын сарапшылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады.
Тізім үкіметтік емес ұйымдар мен (ҮЕҰ дерекқорына енгізілген), мемлекеттік органдар ұсынған сарапшылар есебінен жасалады.
Комиссия мүшесінің мемлекеттік қызметте ҮЕҰ-ның бір немесе бірнеше бағыты бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Бұдан басқа, бөлінетін мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша сарапшыдан кәсіби білімінің болуы талап етіледі. Немесе сараптама жүргізудің, әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бағалау жөніндегі комиссияларға қатысудың кемінде екі жылдық тәжірибесі болуы тиіс. Кандидатуралар тізбесі expert@cisc.kz электрондық мекенжайға үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған ресми хатпен жолданылуы тиіс.
Сарапшылар тізіліміне кіру туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/2021/02/02/15006/ сілтемесі бойынша біле аласыз.